Меркі ауданында қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Меркі ауданында қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Меркі ауданында аудан әкімінің қатысуымен Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Ақермен және Аспара ауылдық округтерінің тұрғындарымен профилактикалық кездесу өткізді. Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, электр құралдарын дұрыс пайдалану, балаларды отпен ойнаудан сақтау және ашық отты қараусыз қалдырмау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар судағы қауіпсіздік ережелері еске салынып, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау, балаларды қараусыз қалдырмау және қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде кеңестер берілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары