Өңірдегі білім сапасы туралы

    Өңірдегі білім сапасы туралы

    2026 жылғы 3 тамызда Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы А. Сәлімгерейқызы Атырау облысының « Caspian news» телеарнасына « Өңірдегі білім сапасы туралы» тақырыбында тікелей эфирге сұқбат берді.

    Білім беру ұйымдарын лицензиялау, оның ішінде 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына лицензиялау жүргізілетіндігі, олардың материалдық-техникалық базасына, кадрлық қамтамасыз етуіне және білім беру бағдарламаларының сапасына қойылатын талаптары бойынша ақпараттық түсіндірме берді.

    Сондай-ақ, биылғы жылы аттестаттау жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

    Енгізілген өзгерістердің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының жауапкершілігін күшейту, білім сапасын арттыру, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және білім алушылар үшін сапалы білім беру ортасын қалыптастыру бойынша мағлұматтар берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары