АНА ТӘРБИЕСІ – ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ

    Қазалы ауданы әкімдігі мен мәдениет бөлімінің қолдауымен Қазалы аудандық әйелдер кеңесінің «Қазақ әйелі – қоғам тірегі» жобасы аясында Өркендеу ауылдық округі әкімдігі, Жанкент ауылдық Мәдениет үйі және Жанкент ауылдық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ана тәрбиесі – ұлттың болашағы» атты аудандық сыр-сұхбат кеші жоғары деңгейде өтті.
    Іс-шараның басты мақсаты – ананың қоғамдағы орны мен отбасы тәрбиесінің маңызын дәріптеп, ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа насихаттау.
    Кешке Қазалы аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Шорақызы қатысып, аналарға ақжарма тілегін арнады. Сондай-ақ құрметті қонақтар Ұлжан Қарымсақова мен Салтанат Рахатқызы шараның маңыздылығына тоқталып, ізгі лебіздерін білдірді.
    Кеш жүргізушісі – «Жанкент жастары» ұйымының төрағасы, Жанкент ауылдық Мәдениет үйінің әдіскері Талап Алтынбекұлы Мурзалиев.
    Сыр-сұхбат барысында еңбек анасы, «Жанкент» әжелер ансамблінің жетекшісі Дәметкен Байтөре ана тәрбиесінің мәні жайында тағылымды ойларымен бөлісті. Белсенді ана Гаухар Полатқызы биогумус тыңайтқышының тиімділігі туралы тәжірибесін таныстырса, жас ана Назкен Көбегенқызы «Ақтың белгісі» тақырыбында сүт өнімдерінің көрмесін ұсынып, ұлттық тағамдардың пайдасын кеңінен насихаттады. Ауыл келіні Балжан Алдажарқызы «Ас атасы – нан» тақырыбында бауырсақ көрмесін ұйымдастырып, қазақ дастарханының берекесін танытты.
    Мерекелік бағдарлама аясында жергілікті ақын-сазгер Ғалия Аманқызының «Сәлемдесу» арнауын ұйымдастыру алқасының мүшесі Меруерт Сағидуллақызы Жаңашова әсерлі орындап, ұлттық қолөнер бұйымдары бойынша мазмұнды таныстырылым жасады. Қолөнер көрмесін ұйымдастыруға үлес қосқан шеберлер Жадыра Бөлекбаева мен Назым Сағидуллаға алғыс білдіреміз.
    Кеш ән мен күйге ұласып, «Жанкент» әжелер ансамблі Ануар Алиевпен бірге халық әндері «Сәулем-ай» мен «Үкілім-ай» шығармаларын орындады. Қобызшы ана Наргүл Баеке Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіре орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар Дархан Оразымбетовтың «Ана» әні шырқалып, белсенді ана Ажар Нысанова қазақтың «Қамажай» биін билеп, кештің көркін аша түсті.
    Шараның жоғары деңгейде өтуіне ауылдық әйелдер кеңесінің мүшелері Перизат Баймбетова, Рабиға Қайып, Шаттық Көбеген, Калимаш Қосманбетова, Есенгүл Джарасова, Гүлбаршын Қалхаманова, Гүлнәр Тоқсанбай, Гүлдана Атағұлова, Гүлнұр Айғараева, Айсұлу Изтелеуова, белсенді аналар Жаңагүл Бәйтерек, Мейрамгүл Еңсеп, ауыл әкімдігі мамандары Айткүл Ілияс, Индира Балтөреева, балабақша ұжымының өкілдері Дина Көмекбаева, Мөлдір Сарман, Дәметкен Жиенбай, сондай-ақ жас аналар Назерке Нәдірова, Шапағат Әбдуәли, Анар Бірәлі белсене атсалысып, өз үлестерін қосты.
    Кеш соңында Өркендеу ауылдық округінің әкімі Қуанғали Қожахмет Мүбәракұлы мен Жанкент ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Несібелі Нұрадинқызы Нұрадин сөз сөйлеп, ана тәрбиесі мен отбасы құндылықтарының маңызын атап өтті. Белсенді аналарға алғыс айтылып, сый-сияпаттар табысталды.
    Осындай тағылымды шараның өтуіне қолдау көрсеткен Жанкент ауылының аналарына, әйелдер кеңесіне, ауыл ақсақалдарына, жастарға, ауыл әкімдігіне, Мәдениет үйінің ұжымына, балабақша қызметкерлеріне, жастар бірлестігіне және барша ұйымдастырушылар мен қатысушыларға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
    🌿 Ана – отбасының алтын діңгегі, ұлттың рухани тірегі. Саналы ұрпақ тәрбиелеген аналардың еңбегі әрдайым құрметке лайық!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары