
29 шілде мен 1 тамыз аралығында Көкшетау қаласында облыстық «Ақбидай» спартакиадасы аясында жеңіл атлетикадан жарыстар өтті.
Облыстың 17 командасы қатысқан додада біздің спортшылар жалпыкомандалық есепте 5-орынға ие болды.
Шлыкова Татьяна 800 метр қашықтықта І орын, 1500 метр қашықтықта І орын жеңіп алды.
Рейтарова Варвара 400 метр қашықтықта ІІ орынға ие болды.
Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Барлық жарысқа қатысқан спортшыларға табандылығы, қажырлы еңбегі және аудан намысын абыроймен қорғағаны үшін зор алғысымызды білдіреміз! Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!








