Қазақстан Республикасындағы 2026 жылғы шілде айындағы инфляция

    Қазақстан Республикасындағы 2026 жылғы шілде айындағы инфляция

    2026 жылғы шілде айында инфляцияның айлық деңгейі 0,6% құрады, бұл маусым айындағы көрсеткіштен (0,8%) төмен.

    Шілде айында бағаның ең көп төмендеуі маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінде тіркелді. Атап айтқанда, қиярдың бағасы 22,6%, қызанақ - 17,7%, сәбіздің бағасы - 5,3%, банан - 4,0%, алма – 2,7%, апельсин - 2,3%, лимон мен картоп – 1,6%-ға арзандады. Сонымен қатар, жұмыртқа 1,4%, арпа жармасы 1,3% төмендеді.

    Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында пайдаланылған жеңіл автомобиль бағасы 3,8%, электр еттартқыш 2,2%, кір сабын 1,5%, смартфондар мен көзілдіріктер 1,3%, шаш бояуы 0,7% арзандады.

    Жылдық мәнде 2026 жылғы шілдеде инфляция деңгейі 10,2% құрады (2026 жылғы маусымда – 10,3%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 10,1%, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы 9,2% өсті.

    Өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша бағаның төмендеуі жалғасты. Атап айтқанда, қияр бағасы 31,6%, қызанақ – 26,5%, пияз – 10,9%, сарымсақ – 8,1%, апельсин – 7,8%, алма – 4,7%а төмендеді. Сонымен қатар, азық-түлік тауарлары арасында күріш бағасы 4,1%-ға арзандады.

    Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасы

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақой ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары