Бұл айтулы оқиға теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлерінің басын қосты. Салтанатты рәсімге Алтай ауданының әкімі Құрмамбаев Ренат Тілеуханұлы қатысып, жиналған қауымды келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтады. Ол теміржолшылардың адал әрі қажырлы еңбегі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық және толайым табыс тіледі.
Іс-шараға құрметті қонақ ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Магистральдық желі филиалы Семей магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы, ғимараттар және инженерлік желілер жөніндегі директордың орынбасары Азимканов Нұрлан Жақалықұлы, сондай-ақ Күмістау станциясының вагон қараушысы, теміржол саласының ардагері Нұғыманов Жұмажан Сағидолдинұлы қатысты.
Жаңартылған Күмістау вокзалы – заманауи көлік инфрақұрылымының нысаны ғана емес, сонымен қатар Серебрянск қаласының дамуына серпін беретін маңызды жоба. Жүргізілген қайта жаңғырту жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді және қаламыздың өркендеуі мен дамуының тағы бір жарқын белгісіне айналады.
Теміржол саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің көлік саласының дамуына қосып жүрген өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, мерейлеріңіз үстем, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, ал әр сапарларыңыз сәтті болсын!
Кәсіби мереке – Теміржолшылар күні қарсаңында қайта жаңғыртудан өткен Күмістау теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ұқсас материалдар

Бокстағы триумф, семсерлесу, академиялық есу мен таеквондодағы тарихи жүлделер, жалпы есепте +3 орын - Қазақстан Азиаданы қалай аяқтады?
ҚР ТСМАшу
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Ашу
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
Ақтөбе облысында жаңбыр, қар және қатты жел күтіледі
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
Қарттар күніне орай облыс әкімі Асхат Шахаров еңбек ардагерлерінің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
"Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары

«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті
Алтай ауданының әкімдігіАшу
Алтай ауданы 2026–2027 жылғы жылу бер маусымына дайындық жүргізуде.
Алтай ауданының әкімдігіАшуАлтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жанна Аскарова азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.
Алтай ауданының әкімдігіАшу
Алтай ауданы мәслихат аппаратының төрағасы Лариса Гречушниковаға «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» құрметті атағы берілді.
Алтай ауданының әкімдігіАшу
Бүгін, 30 қыркүйекте Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жанна Аскарова аудан әкімдігінің отырысын өткізді.
Алтай ауданының әкімдігіАшу