СҚО прокуратурасы әлеуметтік бағыттағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеуде.

    ·
    СҚО прокуратурасы әлеуметтік бағыттағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеуде.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жалпы құны 1,2 триллион теңге құрайтын 133 инвестициялық жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда.

    Осындай жобалардың бірі «Alageum Electric» компаниялар тобына кіретін «Петропавл электротехникалық зауыты»ЖШС — кәсіпорын оңтүстік өңірлерден азаматтарды көшіру бағдарламасына белсенді қатысуда.

    Бүгінде зауытта ішкі қоныс аударушылардың 56 отбасы — 94 адам жұмысқа орналастырылды. Оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде бөліп-бөліп сатып алу мүмкіндігімен 40 пәтер берілді.

    Қоныс аудару бағдарламасына қатысушылардың орташа жалақысы 493 мың теңгені құрады.

    Бұл тәсіл отбасыларға тұрақты жұмыс, баспана және болашаққа деген сенімділікке қол жеткізуге, ал Солтүстік Қазақстан облысына - еңбек ресурстарын тартуға және өңірдің кадрлық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

    Осылайша, инвестициялық жобалар - бұл өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру ғана емес, сонымен қатар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, еңбек ресурстарын тартуға және адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға үлес қосу.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары