
2026 жыл 28 шілде күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Д. Жанысбекпен қызметтік кездесу өткізді.
Кездесу барысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнама барысы сөз болды.
Тараптар мемлекеттік қызмет саласында азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ адам құқықтарын сақтау мен қорғау бағытындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, алдағы уақытта бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқықтық ағарту іс-шараларын ұйымдастыру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде тоқталды.








