
Бүгін «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының екінші маусымының соңғы күні өтті. 🌿 Осы уақыт ішінде жастар туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосып, еңбекқорлықтары мен белсенділіктерін көрсетті. Барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы оқу мен еңбек жолдарына сәттілік тілейміз! Сонымен қатар, жастар көтеріңкі көңіл күймен TikTok трендіне қосылып, жазғы маусымның жарқын сәттерін естелікке айналдырды. 💚✨









