Көкшетауда пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіруге бағытталған іс-шара өткізілді

    ·

    Көкшетау қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Көкшетау қаласының пробация қызметі бөлімі және «Re Start» жобасының мамандарымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіруге бағытталған іс-шара өткізілді.

    Іс-шара барысында қатысушылар эмоцияларды басқару дағдыларын дамытуға, күйзелісті еңсеруге және өмірге оң көзқарас қалыптастыруға бағытталған психологиялық тренингке қатысты.

    Сонымен қатар, қатысушылар үшін эмоционалдық шиеленісті төмендетуге және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға ықпал ететін иппотерапия сеансы ұйымдастырылды.

    Осындай іс-шаралар пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың әлеуметтік бейімделуіне, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың қайталануының алдын алуға ықпал етеді.

    Көкшетау қаласының прокуратурасы қайта әлеуметтендіру және қайталама қылмыстылықтың алдын алу бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары