
2026 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы бойынша Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының басшысы Н. Тарарамен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) басшысы Н. Тарара 2025–2026 жылдары мандатты мекемелерге жүргізілген барулардың нәтижелеріне тоқталып, ҰАТ-тың әрбір қатысушысының атқарған жұмысына, мандатты мекемелерге жүргізген баруларының сапасы мен тиімділігі туралы ой пікір бөлісті. Сондай-ақ мониторинг жүргізу тәжірибесі мен алдағы кезеңдегі жұмысты жетілдіру бағыттарына тоқталды.









