«Заңды тұлғаның тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу хабарлама тәртібімен жүзеге асырылады».

    «Заңды тұлғаның тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу хабарлама тәртібімен жүзеге асырылады».

    «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-2-бабына сәйкес заңды тұлғаның басшысының ауысуына, құрылтайшыларының (қатысушыларының) құрамының өзгеруіне, сондай-ақ құрылтай құжаттарына редакциялық өзгерістер енгізуге байланысты тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді мемлекеттік тіркеу тіркеуші органның қатысуынсыз хабарлама тәртібімен жүзеге асырылады.

    Көрсетілген өзгерістер eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы рәсімделеді және тіркеуші органның қатысуынсыз әрі ұсынылған құжаттарды қараусыз автоматты режимде тіркеледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары