
30-31 шілде күндері Қ.Балмағабетовтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия және 38-сессия отырыстары өтті. Күн тәртібінің мәселелесі «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы С.Симанов баяндады. Сонымен қатар депутаттар қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім жобаларын мақұлдады. Сессияға қала әкімі М.Бурибаев, қала әкімінің орынбасарлары және мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.








