🚨 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 2026 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚЫРКҮЙЕГІНЕН БАСТАП ТАУАРЛАРДЫ ҚАДАҒАЛАУ ТЕТІГІ ЕНГІЗІЛЕДІ

    ·
    🚨 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 2026 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚЫРКҮЙЕГІНЕН БАСТАП ТАУАРЛАРДЫ ҚАДАҒАЛАУ ТЕТІГІ ЕНГІЗІЛЕДІ

    📦 Егер сіз ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген тұрмыстық техниканы импорттаумен немесе өткізумен айналыссаңыз, бұл ақпарат сіз үшін маңызды.

    🔍 Не өзгереді?
    2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген тауарлардың қадағалау тетігі күшіне енеді.

    ✅ Қадағалануға жататын тауарлардың айналымы кезінде:
    📌 «Виртуалды қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжатты (ТІЖ) рәсімдеу;
    📌 рәсімделген ТІЖ негізінде электрондық шот-фактураны (ЭШФ) жазып беру;
    📌 тауарлардың есебін қадағалау жүйесінде жүргізу қажет.

    📺 Қандай тауарлар тізімге енгізілген?
    🧊 Тоңазытқыштар мен мұздатқыштар
    🧺 Кір жуғыш машиналар
    📺 Теледидарлар және телевизиялық қабылдау аппаратурасы

    📋 Тізімге барлығы ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 34 коды енгізілген.

    📚 Нормативтік негіз:
    ▪️ ҚР Салық кодексінің 180-бабы;
    ▪️ ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы №623 бұйрығы;
    ▪️ ЕЭК Кеңесінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы №5 шешімі.

    ⚠️ Егер сіздің қызметіңіз аталған тауарлардың айналымымен байланысты болса, «Виртуалды қойма» модулімен жұмыс істеуге алдын ала дайындалған жөн.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары