2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы ішкі мемлекеттік аудитті дамыту тұжырымдамасы: тиімділік пен сенімге бастар бағыт

    ·

    Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы ішкі мемлекеттік аудит органдарын дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Құжат Ішкі аудиторлар институтының (IIA), INTOSAI халықаралық стандарттары мен PEMPAL кәсіби қауымдастығының ұсынымдарын қоса алғанда, үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, ішкі мемлекеттік аудит жүйесін жаңғыртудың стратегиялық бағыттарын айқындайды.

    Тұжырымдама тәуекелге бағдарланған тәсілді дамыту, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, аудит жүргізу әдіснамасын жетілдіру, кадрлық әлеуетті нығайту және аудиторлық қызметтің сапасын одан әрі арттыру арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, талдамалық құралдарды дамытуға, профилактикалық бақылауды күшейтуге және ішкі мемлекеттік аудит жүйесінің нәтижелілігін арттыруға ерекше назар аударылған.

    Тұжырымдаманы іске асыру мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік басқару жүйесіне деген сенімді нығайтуға бағдарланған заманауи, тиімді әрі ашық ішкі мемлекеттік аудит жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары