2026 жылғы 31 шілдеде Ұйғыр аудандық мәслихатының кезектен тыс LXІV сессиясы өтті

    ·
    2026 жылғы 31 шілдеде Ұйғыр аудандық мәслихатының кезектен тыс LXІV сессиясы өтті

    2026 жылғы 31 шілдеде Ұйғыр аудандық мәслихатының кезектен тыс LXІV сессиясы өтті.

    Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

    1. Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
    2. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын сайлау туралы» № 8-1-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
    3. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын сайлау туралы» № 8-1-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
    4. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 17 наурыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 6-61-356 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Хасенов);
    5. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі «Ұйғыр ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 8-60-279 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Хасенов);
    6. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі «Аудандық жер учаскелерін беру және сауда-саттықты (аукциондарды, конкурстарды) ұйымдастыру бойынша жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 8-60-281 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудандық жер бөлімінің басшысы Ю.Миталипов);
    7. Ұйғыр ауданындағы жекелеген мұқтаж азаматтар санаттарына қалалық және аудандық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру жеңілдіктерін беру туралы (Хабарламашы – аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Х.Турсунов);
    8. Ұйғыр аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрәкім Есенбайұлы Есжанның жалақысы сақталмайтын демалысы туралы).

    Қаралған мәселелер бойынша ұсыныс, пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары