
Кентау қаласы Қарнақ ауылына қарасты Құсшы ата елді мекеніндегі тұрғындарды сапалы көше жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Құсшы ата және Ынтымақ көшелерінде көше жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жоба аясында жалпы 1 200 метр СИП желісі тартылып, 25 дана темір электр бағанасы орнатылуда. Сонымен қатар, аталған көшелерге 34 дана қуаттылығы 100 Вт болатын жарық шамы қойылып, кешкі және түнгі уақытта көшелердің жарықтандырылуы қамтамасыз етіледі.
Жалпы, Қарнақ ауылындағы Үйрек ата және Бумын қаған көшелерінде де көше жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде 1600 метр СИП желісі тартылып, 23 дана темір электр бағанасы орнатылады. Сонымен қатар, көшелерге 38 дана қуаттылығы 100 Вт болатын жарық прожекторы орнатылып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен қолайлы қозғалысына жағдай жасалады.









