
«АСАРЛАТ» — БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТЫҢ ҮЛГІСІ
Кентау қаласында қазақ халқының дәстүрлі «Асар» құндылығын жаңғыртуға бағытталған «Асарлат» акциясының кезекті іс-шарасы өтті.
Кентау қалалық Руханият орталығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтіп жатқан акция барысында тұрғындар ортақ іске жұмылып, көпқабатты үйлердің аулаларын тазалауға атсалысты.
Кезекті акция Құралбаев көшесі 114, 116, 118 және Әл-Фараби көшесі 102 көпқабатты үйлерінің аулаларында ұйымдастырылды.
«Асар» — халқымыздың бірлік пен өзара көмекке негізделген дәстүрі. Бүгінгі «Асарлат» акциясы да осы құндылықты қазіргі қоғамда жаңғыртып, тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруды көздейді.
Алдағы уақытта да Кентау қаласының әр аумағында тазалықты сақтау, өзара көмек көрсету және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған игі бастамалар жалғасын табады.
Бірлік бар жерде — береке бар!
Таза қала — ортақ міндет!








