КЕНТАУДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ҚАРАЛДЫ

    КЕНТАУДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ҚАРАЛДЫ
    КЕНТАУДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ҚАРАЛДЫ
    Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
    Жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
    Алғашқы мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалымжан Андосов бөлімдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды жою бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады.
    Келесі кезекте «Қалалық мансап орталығы» КММ директоры Нүркен Бекбаев орталықта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
    Сонымен қатар, қалалық білім бөлімінің басшысы Әділ Әуелбеков білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы баяндаса, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жалғасбек Жақаев осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді.
    Отырыс қорытындысында қаралған мәселелер бойынша жауапты бөлімдерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жұмыстарын күшейту және тиісті шараларды жүйелі жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары