
Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы көпбалалы аналарды қабылдады. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Алтын» және «Күміс» алқа мемлекеттік наградаларды тапсырды. Мемлекеттік награданы табыстаған қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы, әрбір отбасының ұйытқысы әрі берекесі болып отырған алтын құрсақты аналарды марапаттарымен құттықтап, алғысын білдірді.
Жалпы Кентау қаласы бойынша бүгінгі таңда 1701 «алтын құрсақты» аналар бар, оның ішінде 527 ана «Алтын алқа» және 1174 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған.
Батыр аналардың саны - 134. 1-2 дәрежелі ана даңқы - 39









