
Іс-шараны Маңғыстау облысының СЭБД басшысының орынбасары Сатқанбаева Б.Т. және Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары А. Шарапатдинов ашып, қатысушыларға алғы сөздерін білдірді.
Семинар барысында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау басқармасының басшысы Г.Е. Қожатова «Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру процесіне қатысушылардың негізгі міндеттері және ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Қазақ тамақтану академиясының мектепте тамақтандыру жөніндегі маманы В.Г. Уливанова «Мектеп мәзірі: Стандарттан тәжірибеге» тақырыбында, ал «СЭОжМҰО» филиалының Санитариялық-гигиеналық мониторинг басқармасының санитариялық дәрігері А.А. Әмірова «Тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы» тақырыбында ақпарат ұсынды.
Семинарға Маңғыстау облысының білім және денсаулық сақтау басқармаларының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер мен медицина мамандары, сондай-ақ мектеп ас блоктарының кәсіпкерлері қатысты. Өңірдің әр аумағынан 400-ден астам маман офлайн және онлайн форматта қосылды.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандары толыққанды жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алып, білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер бойынша қажетті ақпараттармен қамтылды.









