
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 58-ші КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 31 шілдеде Семей қаласы мәслихатының 58-ші кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия барысында депутаттар келесі мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады:
🔹 Семей қаласы мәслихатының «2026–2028 жылдарға арналған Семей қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
🔹 Абай облысы Семей қаласы мәслихатының «2026–2030 жылдарға арналған Абай облысы Семей қаласының даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу.
Қабылданған шешімдер қаланың әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін іске асыруға, бюджеттің тиімді орындалуын қамтамасыз етуге және Семей қаласының одан әрі дамуына бағытталған.









