Меморандумға қол қойылды

    ·
    Меморандумға қол қойылды

    Отызыншы шілдеде аудан әкімдігінің үлкен залында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Руслан Әкімжанұлы Аңбаев және " Транстелеком" АҚ Көкшетау қаласындағы филиалының Солтүстік Қазақстан облысын дамыту жөніндегі директоры "Көкшетаутранстелеком" Рүстем Құлдербекұлы Нукушев пен " Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды . Осы Меморандумның мақсаты: Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратына (аумақтық тиесілілігін қоса алғанда ) телекоммуникациялық қызметтер саласында, сондай -ақ IT жобаларды ілгерілету саласында консультациялық көмекті қамтамасыз ету, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша жауапты қызметкерді бекіте отырып, кеңестерге, БКБ- ға, басқа да іс- шараларға қатысу; ауданның телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту; мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның шағын елді мекендерінің тұрғындары үшін бұл Меморандумның жасалуы сөзсіз пайда әкеледі - Қазақстанда танымал "Транстелеком" компаниясы халқы аз елді мекендерді жоғары жылдамдықты Интернетке қосу бойынша өз қызметтерін ұсынады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары