
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты Текесу ауылында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және өзекті мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуге бағытталған «Тегін заң көмегі күні» акциясы өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласының Әділет департаменті мен Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері, прокуратура, полиция, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары басқармаларының, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, тұрғындарға нотариустар, адвокаттар, заң консультанттары және жеке сот орындаушылары құқықтық кеңес берді.
Кездесу барысында азаматтардың жер қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, нотариаттық қызмет және атқарушылық іс жүргізуге қатысты сұрақтары қаралып, заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді.








