«ТЕҢБІЛ ДОП – 2026» шағын футбол турнирі

    «ТЕҢБІЛ ДОП – 2026» шағын футбол турнирі

    2026 жылғы 28 шілдеде Қарағанды облысының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Аманат» спорт кешенінде «ТЕҢБІЛ ДОП – 2026» шағын футбол турнирі өтті. Дәстүрлі спорттық іс-шараға 10 команда қатысты.

    Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты насихаттау, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен өзара сыйластықты нығайту.

    Турнир қорытындысы бойынша «Теміртау мешіті» командасы чемпион атанды. «Төле би мешіті» командасы екінші орынды, ал «Қамзе ата мешіті» командасы үшінші орынды иеленді.

    Жекелеген номинациялар бойынша үздік ойын көрсеткен қатысушылар алғыс грамоталарымен марапатталды:

    🏆«Үздік шабуылшы» – Жұмағұлов Рашид;
    🏆«Үздік ойыншы» – Жұматұлы Мұхтар;
    🏆«Үздік қақпашы» – Айтқазин Рауан.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтай отырып, турнирге қатысқан барлық командаларға алдағы уақытта да табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының дін істері басқармасы" жаңалықтары