"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы 30 шілдеде Департамент басшысы А.Е. Мекебаева Қостанай қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, отбасылық-демографиялық саясат және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелерімен түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында мүгедектікті белгілеу тәртібі мен критерийлері, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзгерістер мен жүргізіліп жатқан реформалар мәселелері қаралды. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсініктемелер алды.








