
Әуезов ауданы Полиция басқармасы ағымдағы жылдың 31 шілде мен 01 тамыз аралығында отбасылық – тұрмыстық зорлық зомбылық фактілерін азайтуға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын күшейтуге бағытталған «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Іс шара барысында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жқмыстарын жүргізеді,пәтерлерді аралау,тұрғындармен кездесулер ұйымдастырады,сондай-ақ отбасылық -тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексереді . Әйелдерге, балаларға және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға ерекше назар аударылады.
Іс-шараның негізгі мақсаты –отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу,халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға уақытылы көмек көрсету .
Әуезов ауданы ПБ ҚҚБ
ОТЗЗҚК бөлімшесінің бастығы
полиция майоры Шалқарова Д.Б.









