Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг аясында су сынамалары алынып, профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    ·
    Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг аясында су сынамалары алынып, профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    2026 жылғы шілде айында Семей бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мемлекеттік тапсырысты орындау және санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу мақсатында «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС нысандарынан санитариялық-химиялық және бактериологиялық зерттеулер жүргізу үшін су сынамаларын алды.Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлерімен маусымдық жіті ішек инфекцияларының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жеке бас гигиенасын сақтау, қауіпсіз ауыз суды пайдалану және аурулардың алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме берілді. Іс-шара соңында қатысушыларға профилактикалық жадынамалар таратылды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары