
Жұқпалы аурулардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізілді. Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде өзара ынтымақтастық туралы келісімдерді орындау мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Ulytau express» ЖШС-нің пойыз бригадалары мен қызметкерлері арасында жұқпалы аурулардың алдын алу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинар барысында туберкулездің клиникалық белгілері, емдеу, алдын алу және ерте анықтау мәселелері түсіндіріліп, Қарағанды өңіріндегі туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің негізгі міндеттері және сыбайлас жемқорлық пен оның көріністерінің алдын алуға бағытталған шаралар түсіндірілді. Бұдан бөлек, тырысқақ пен тұмаудың алдын алу, сондай-ақ вакцинация мәселелері бойынша ақпарат берілді. Іс-шара барысында қатысушылармен қарастырылған мәселелер бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушыларға жадынамалар, лифлеттер мен буклеттер таратылды. Қойылған барлық сұрақтарға мазмұнды жауаптар берілді.









