Алексей Цойдың төрағалығымен өткен кеңесте МФБК қызметі қаралды

    ·
    Алексей Цойдың төрағалығымен өткен кеңесте МФБК қызметі қаралды

    Астанада өткен іс-шара барысында ведомствоның медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі жұмысының нәтижелері, сондай-ақ Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы егжей-тегжейлі талданды. Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Комитет басшылығы мен ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.
    Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов ағымдағы қызмет, негізгі жетістіктер және мемлекеттік бақылау жүйесін жақсарту шаралары туралы баяндады.
    Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, заң бұзушылықтардың алдын алуға және жұмысқа цифрлық құралдарды енгізуге ерекше мән берілді.
    Осы жұмыс аясында Комитет тәуекелдерді ескеретін арнайы бақылау тәсілдерін жүйелі түрде дамытып келеді. Бұл тетіктер ықтимал кемшіліктерді дер кезінде анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.
    Жүйені цифрландыру басты бағыттардың бірі болып қала береді. Қазіргі уақытта ведомстволық ақпараттық жүйеде медициналық ұйымдардағы тәуекел көрсеткіштерін автоматты түрде талдау іске қосылды. Бұл емханалар мен ауруханалардың қызметіне неғұрлым жедел әрі ашық мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
    Сонымен қатар отырыс барысында дәрі-дәрмек нарығын реттеу, дәрілердің сапасын бақылау, емдеу мекемелерін аккредиттеу процедураларын жетілдіру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.
    Кеңес қорытындысы бойынша Комитеттің алдағы негізгі міндеттері нақты белгіленді. Олардың барлығы медициналық көмектің қауіпсіздігін арттыруға, заманауи бақылау тетіктерін енгізуге және денсаулық сақтау жүйесін кешенді дамытуға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары