
Бүгін Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде лицензиялық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Орал қаласындағы «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығына, Теректі ауданының Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығына және Шыңғырлау ауданының Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығына білім беру-сауықтыру бағдарламасы бағыты бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру туралы оң шешім қабылданды.
Осылайша, бүгінгі отырыстың қорытындысы бойынша облыста білім беру-сауықтыру бағдарламасы бағыты бойынша лицензия алған қосымша білім беру ұйымдарының саны 7-ге жетті.









