
Салыстырмалы бақылау – салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураларды:
-оның өнім берушілері жазып берген электрондық шот-фактуралардың;
-салықтық есептіліктің;
-салық төлеушінің қызметі жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, оның ішінде салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің;
-банктік шоттар бойынша екінші деңгейдегі банктер мәліметтерінің деректерімен салыстыру арқылы салық органы жүзеге асыратын іс-шара.
Салыстырмалы бақылауды салық органы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі айналымның іс жүзінде жасалғанын анықтау мақсатында жүргізеді.
Салыстырмалы бақылау талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жазып берілген электрондық шот-фактуралар бойынша жүзеге асырылады.









