
Интернет алаяқтықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында жергілікті полиция қызметі мен әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға интернет алаяқтарының кең таралған айла-тәсілдері, жалған қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, жеке деректерді, банк картасының нөмірі мен құпия кодтарын бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және тек ресми ақпарат көздерін пайдалану қажеттігі жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда жадынамалар таратылып, тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Азаматтарға интернет арқылы жасалатын алаяқтық фактілеріне тап болған жағдайда уақыт оздырмай полиция органдарына хабарлау қажеттігі түсіндірілді. Мұндай профилактикалық іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, интернет алаяқтықтың алдын алуға және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.









