Өңірдің тоғыз айдағы отбасылық көрсеткіштері
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының мәліметінше, 2026 жылдың үш тоқсанында өңірде 3 мыңға жуық неке тіркеліп, 5 мыңнан астам сәби дүниеге келген.
Тіркелген некелер саны бойынша Көкшетау қаласы көш бастап тұр. Мұнда 1 187 неке тіркелген. Одан кейін Бурабай ауданы – 300 неке, Степногорск қаласы – 270 неке көрсеткішімен орналасқан. Жас жұбайлар неке қию күнін таңдауға да ерекше мән берген. Биыл некелер ең көп тіркелген күн – 26 маусым. Бұл күні 197 жұп заңды некеге тұрған. Оның ішінде 31 жұп салтанатты рәсімді таңдаған.
Дүниеге келген сәбилер саны бойынша да облыс орталығы алдыңғы орында. Көкшетау қаласында 2 118 туу туралы куәлік берілген. Бурабай ауданында бұл көрсеткіш 466-ны, Степногорск қаласында 382-ні құрады. Ал Қосшы қаласында 264 сәби тіркелген.
2025 жылмен салыстырғанда, жекелеген қалалар мен аудандардағы көрсеткіштерде өзгерістер байқалады. Соған қарамастан, Көкшетау, Бурабай ауданы мен Степногорск қаласы неке қию және туу көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда. Жалпы, өңірдегі отбасылық-демографиялық көрсеткіштер жоғары деңгейде сақталуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







