23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні

    ·
    23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні

    Осы мерекеге орай БҚО ветеринария басқармасында салтанатты жиын өтті.

    Жиын барысында басқарма басшысы Абзал Бралиев ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызы мен жауапкершілігіне тоқталды.

    Мереке қарсаңында қызметтік міндеттерін адал атқарып, сала дамуына қосқан үлесі үшін:

    Талдау, болжау, ветеринариялық есеп және лицензиялау бөлімінің бас маманы Гүлнұр Бектасова және бірдейлендіру, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Жанайым Бисенгазиева БҚО әкімінің Алғыс хатымен;

    Эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар бөлімінің бас маманы Динара Байширякова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

    Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтап, еңбектеріне толағай табыс, зор денсаулық және қызметтеріне сәттілік тілейміз!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары