Бүгін Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасында сала ардагерлерімен дәстүрлі кездесу өтті.
Кездесу барысында ветеринария саласының дамуына үлес қосып, ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, алғыс білдірілді.
Ізгі ниет пен құрметтің белгісі ретінде ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталды.
Аға буынның еңбегін құрметтеу, олардың өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің басты құндылықтарымыздың бірі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









