Қоғамдық кеңестің отырысын өткізу туралы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қоғамдық кеңестің отырысын өткізу туралы

    Федоров ауданы тұрғындарының назарына!

    2026 жылғы 31 шілдеде сағат 15.00-де Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Қоғамдық кеңестің қарауына мынадай мәселелер шығарылады:

    1. Федоров ауданы аумағында «Жасыл ел» еңбек жасағы қызметінің іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы.
    2. Федоров ауданының кітапхана жүйесіндегі аудан жастарымен жұмыс туралы.
    3. Федоров ауданындағы жолдарды жөндеу жөніндегі 2026 жылға арналған бағдарламаның орындалу барысы туралы (мониторинг қорытындылары).
    4. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік объектілерді бейімдеу жөніндегі бағдарламаны орындау бойынша ұсынымдардың орындалуы туралы.

    Қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстар, ескертулер [email protected] электрондық мекенжайға немесе 21-6-74 телефоны арқылы жіберілсін.

    Федоров ауданы

    Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары