🏆 «Адал кәсіпкер» өңірлік байқауына өтінім қабылдау басталды!
Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында өңір кәсіпкерлері арасында «Адал кәсіпкер» байқауын жариялайды.
Байқаудың басты мақсаты – заң талаптарын сақтай отырып, кәсіпкерлікті ашық әрі жауапты жүргізетін бизнес субъектілерін қолдау, олардың үздік тәжірибесін насихаттау және қоғамда адал кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру.
✅ Байқауға кімдер қатыса алады?
Алматы облысының аумағында тіркелген және кемінде екі жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жатқан ірі, орта және шағын бизнес субъектілері.
Қатысушылар:
* кәсіпкерлік қызметін ашық жүргізуі;
* Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы;
* қызметкерлеріне қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі;
* өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуы;
* салықтар мен міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы;
* заңнаманы өрескел бұзу фактілерінің болмауы тиіс.
📊 Бағалау критерийлері:
🔹 салық тәртібі;
🔹 әлеуметтік жауапкершілік;
🔹 еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы;
🔹 бизнестің ашықтығы;
🔹 іскерлік беделі;
🔹 кәсіпорын қызметінің тұрақтылығы.
Бағалау арнайы комиссия тарапынан 100 балдық жүйе бойынша жүргізіледі.
🏅 Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады:
* «Үлгілі салық төлеуші»;
* «Қауіпсіз бизнес»;
* «Үздік өндірістік бизнес»;
* «Әлеуметтік жауапты бизнес»;
* «Ашық бизнес».
🎖️ Жеңімпаздар дипломдармен және естелік марапаттармен марапатталып, олардың жетістіктері бұқаралық ақпарат құралдары мен Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.
📥 Өтінім қабылдау басталды!
Өтінімді:
✔️ онлайн форматта сілтеме арқылы
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdSKJRLhhDX66srafAuvTXNqWgnwbT5GcouCCCXt132zI5lSw/viewform?usp=dialog
✔️ Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы арқылы тапсыра аласыз.
📞 Байланыс үшін:
☎️ +7 (727) 727-90-67
📧 [email protected]
🤝 Егер сіздің бизнесіңіз адалдық, ашықтық және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделген болса, «Адал кәсіпкер» өңірлік байқауына қатысуға шақырамыз!







