АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫ - ЕЛ ТАЗАЛЫҒЫ

    ·
    АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫ - ЕЛ ТАЗАЛЫҒЫ

    Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов орынбасары Азамат Мұхамбетжановпен бірге Хан ордасы ауылын аралап, елді мекендегі абаттандыру жұмыстарының, құрылыс нысандарының жай-күйімен және ауыл тазалығымен танысты.

    Сапар барысында көшелердің тазалығы, қоғамдық орындардың күтімі, жасыл желектерді күтіп-баптау, санитарлық талаптардың сақталуы және салынып жатқан құрылыс нысандарының жұмыс қарқыны назарға алынды.

    Аудан басшысы ауылдық округ әкімі мен жауапты мекеме басшылары және мердігер ұйым өкілдеріне абаттандыру жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау, ауылдың тазалығы мен көркеюіне тұрақты бақылау жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапасы мен қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуы қажеттігін атап өтті.

    – Таза әрі көрікті ауыл – тұрғындардың жайлы өмір сүруінің басты кепілі. Сондықтан абаттандыру, санитарлық тазалық және құрылыс жұмыстары тұрақты бақылауда болуы тиіс, – деді аудан әкімі.

    Ауылдың келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары