Хан ордасы ауылында кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы тағы бір жағымды жаңалық орын алды. Ауыл тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсететін «KHAN» атты жаңа тамақтану орны өз жұмысын бастады.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н. Топасов пен ауылдық округ әкімі Ғ.Махимов қатысып, кәсіп иесі Б. Ражмановты аудан әкімі Н.Даумов пен ауыл тұрғындары атынан құттықтап, игі тілектерін жеткізді.
«KHAN» тамақтану орнында донер, пицца және басқа да тағам түрлері дайындалып, келушілерге ұсынылады. Жаңа нысан ауыл тұрғындары үшін қолайлы қызмет көрсету орнын қалыптастырып қана қоймай, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына да өз үлесін қосады.
Кәсіпкерлік – ауыл экономикасының дамуына серпін беретін маңызды сала. Әрбір жаңа бастама ауылдың әлеуетін арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









