Балалар лагерьлерінде ақпараттық-түсіндіру кездесулер

    ·
    Балалар лагерьлерінде ақпараттық-түсіндіру кездесулер

    026 жылғы 21–24 шілде аралығында Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен балалардың діни сауаттылығын арттыру және интернет желісіндегі қауіпсіздікті нығайту мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді.

    Іс-шараға орталық басшысы Нұркен Найзабекұлы Тілеубаев пен теолог Сәкен Жақанов қатысып, Біржан сал ауданы, Бурабай, Зеренді және Сандықтау аудандарындағы балалардың жазғы сауықтыру лагерьлерінде дәрістер оқыды.

    Іс-шара барысында қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың адамдарды өз қатарына тарту әдістері (вербовка), интернет кеңістігіндегі діни қауіптер, сондай-ақ ақпараттық және цифрлық қауіпсіздік мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

    Сонымен қатар мамандар жастардың көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, интернет желісінде қауіпсіз әрекет ету, күмәнді ақпаратты ажырата білу және дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.

    Жалпы іс-шаралар аясында 640 адам қамтылды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары