Ынтымақ пен бірлік - бейбітшіліктің негізі

    2026 жылғы 16 қазанда Ақмола облысының дін істері басқармасы Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп, Рухани келісім күні мен Қазақстан Республикасы күніне арналған «Ынтымақ пен бірлік - бейбітшіліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына облыстың діни бірлестіктерінің өкілдері, КҚТДО КММ, Ақмола облыстық ақсақалдар кеңесі, «Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, қаланың кітапхана жүйесі және БАҚ өкілдері қатысты.

    Дөңгелек үстел жұмысы Ақмола облысының жаңа бас имамы, Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешітінің бас имамы С.Е. Халиковты таныстырумен басталды.

    Әрі қарай, іс-шара барысында «Қазақстан - келісім мен бірлік елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі болып табылатын көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет» екені атап өтілді. Елдің қауіпсіздігі мен өркендеуі, ең алдымен, қоғамның барлық топтары арасындағы сенім мен ашықтыққа, отанын сүйіп, елінің игілігіне қызмет ететін азаматтардың өзара қарым-қатынасына және диалогына байланысты. Қазақстан Республикасы күні - бұл Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуінің басталуын және мемлекеттік тәуелсіздіктің нығаюын білдіретін бірден-бір ұлттық мереке. Республика күні еркіндік пен Қазақстан халқы бірлігін бейнелейді, ал «Адал азамат» бағдарламасы осы бірлікті этикалық мазмұнмен толықтырып және келесі: Тәуелсіздік пен патриотизм; Бірлік пен ынтымақ; Әділдік пен жауапкершілік; Заң мен тәртіп, Еңбекқорлық пен кәсібилік; Жасампаздық пен жаңашылдық принциптерінде негізделеді. 2025 жылғы сәуірде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы бекітілді, ол Қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиялық бағыты және идеологиялық негізі болып табылады».

    Рухани келісім күні мен Республика күні қарсаңында қатысушылар азаматтық бірлікке, құқықтық мәдениетке және әрбір азаматтың жеке жауапкершілігіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Дөңгелек үстел барысында келесі тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды:

    С.Е. Халиков (Ақмола облысыбойыншабас имамы) және В.В. Анферов (епархиялық басқарманың хатшысы) – « Қазақстан халқының рухани құндылықтары»;

    Б.Н. Закенов (Ақмола облыстықақсақалдар кеңесінің мүшесі)–«Қазақстан Республикасы күні-тәуелсіздік пен халық бірлігінің символы»;

    Д.В. Майер («Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары) - «Жастар-тәуелсіздіктің мұрагері: Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі»;

    Н.Н. Тілеубаев (КҚТДОКММбасшысы) - «Интернет-ресурстардың қауіптілігі».

    Іс-шара барысында дін істері басқармасының басшысы облыс әкімінің орынбасарының атынан конфессияаралық келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін діни бірлестіктердің 6 өкіліне алғыс хаттарды табыстады.

    Дөңгелек үстел соңында басқарма басшысы барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, бірлік, құрмет пен жауапкершілік - қоғамды мықты әрі ұйымшыл ететін негізгі құндылықтар екенін атап өтті. Сонымен қатар қатысушыларды Рухани келісім күнімен және келе жатқан ұлттық мереке - Қазақстан Республикасы күнімен тағы да құттықтап, барлығына зор денсаулық, амандық және тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолындағы жаңа жетістіктер тіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының дін істері басқармасы" жаңалықтары