Ақмола облысының дін істері басқармасы
«Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Ақмола облысының аумағында дiнаралық келiсiмдi, азаматтардың дiни сенiм бостандығы құқығын және дiни бiрлестiктермен өзара үйлесiмдi әрекеттi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Басқарманың миссиясы: конфессияаралық келiсiм саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру, Ақмола облысының дiни бiрлестiктерiмен өзара iс-қимыл және дiни нанымдар бойынша азаматтардың бостандығына құқығын жүзеге асыру.
Жаңалықтар
«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны
Минпросвещения разъяснило правила для школьной формы Білім министрінің бірінші орынбасары Шынар Ақпарованың айтуынша, мектеп формасына қойылатын талаптар №26 бұйрықпен реттеледі. Мектептің ішкі тәртіп ережелері оқушылардың ғимарат ішінде бас киім киюіне тыйым салуы мүмкін. Ереже бұзушылық анықталған жағдайда, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшісі және әлеуметтік педагог алдымен оқушы мен оның ата-анасына тиісті талаптарды түсіндіруі тиіс. Егер бұзушылықтар қайталанса, құқық бұзушылық сипаты мен қолданыстағы заңнамалық талаптарға сәйкес ата-аналар немесе заңды өкілдер жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Балалар лагерьлерінде ақпараттық-түсіндіру кездесулер
Балалар лагерьлерінде ақпараттық-түсіндіру кездесулер
Қазақстанның жаңа дәуірге кіруі
Құжаттар
2026 жылғы 1 тамыздағы Ақмола облысындағы діни ахуал туралы ақпарат
Облыста 12 конфессияны білдіретін 190тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді. Дін бойынша: 87– ислам, 50– православие, 40– протестант, 11-католик, 1-Бахаи діні және 1-Ақмола облысының Кришна сана қоғамы. Діни нысандар 150, оның ішінде: 87 мешіт; 28 православие шіркеуі; 13 католик шіркеуі және 22 протестанттық дұға үйлері. Аймақ аумағында уағыздау қызметін 27 миссионер жүзеге асырады. Олардың ішінде: 16 Польша, 5 - Филиппин, Ресей – 3, Германия – 1, Швейцария – 1 және 1 Қазақстан азаматтары. 24 миссионер католицизмді, 1 православие, 1 протестантизмді (Жаңа апостолдық шіркеу) және 1 вайшнавизмді уағыздайды. 2026 жылы басынан бастап 4мемлекеттік қызмет көрсетілді: миссионерлерді электрондық форматта тіркеу (қайта тіркеу) туралы 4 куәлік берілді. Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру мақсатында 202адамнан тұратын дін мәселелері бойынша 24 ақпараттық-түсіндіру топтарының (бұдан әрі АТТ)тұрақты жұмысы ұйымдастырылды (ДІБ жанындағы 1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық және 3 Көкшетау қ. жоғары оқу орындарында). А.ж. жылы облыстың АТТ 3562түрлі іс-шара өткізді, оған 39526 адам қатысты (семинарлар, дәрістер, жеке әңгімелер және т.б.). Оның ішінде облыс жастарымен тікелей 15198 адамның қатысуымен 409 іс-шара жүзеге асырылды. Облыстың дін істері басқармасы интернет-кеңістікте қарсы насихаттау қызметін, деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен оңалту жұмыстарын және конфессияаралық келісімді сақтау мен мемлекет пен қоғамның зайырлы қағидаттарын нығайту жөніндегі өзге де іс-шараларды жүзеге асырады. 2026 жылы басынан бастап Ақмола облысының БАҚ-та (баспасөзде, теледидарда, интернет-кеңістікте)діни қатынастар саласындағы тақырыптарды қамтитын 4586материал (мақалалар, бейнероликтер, пресс-релиздер және т.б.) орналастырылды. ДІБ сайтында 144 материал жарияланды. Жалпы, Ақмола облысындағы діни ахуалды талдау өңірде тұрақты, толерантты және басқарылатын жағдайдың болуын көрсетеді. Діни негізде қақтығыстар байқалмады.