Атырау облысы Білім беру басқармасы Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Атырау облысының білім беру ұйымдары үшін 7 мектеп автобусын жеткізу бойынша коммерциялық ұсыныстар мен өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Осы бағыттағы жұмыстарды орындау тәжірибесі, қажетті материалдық-техникалық базасы және қолданыстағы рұқсат құжаттары бар әлеуетті өнім берушілер қатысуға шақырылады.
Ұсынылатын құжаттар тізімі:
• еркін нысандағы өтінім;
• заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
• қажетті лицензиялар мен рұқсат құжаттарының көшірмелері (қажет болған жағдайда);
• осыған ұқсас жұмыстарды орындау тәжірибесі туралы мәлімет;
• коммерциялық ұсыныс;
• жеткізу мерзімі туралы ақпарат.
Өтінімдерді қабылдау мекенжайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Айтеке би 77.
Байланыс ақпараты: Атырау облысы Білім беру басқармасы. Қаржы бөлімі.




