Jas Qalamger Challenge» әдеби челленджі

    ·

    Жалпы ережелер
    «#JasQalamgerChallenge» әдеби челленджі – Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен жүзеге асырылатын «JAS QALAMGER» жобасы аясында ұйымдастырылады.
    Челлендждің мақсаты – жастардың әдеби шығармашылыққа қызығушылығын арттыру, жаңа авторларды анықтау, олардың шығармаларын кең аудиторияға таныстыру және әлеуметтік желілер арқылы заманауи әдеби мәдениетті насихаттау.

    2. Ұйымдастырушы
    «Көмек командасы» қоғамдық қоры

    3. Өткізу мерзімі
    2026 жылғы 27 шілде – 7 тамыз
    • Қатысушылардың жұмыстарын қабылдау: 27.07–05.08.2026
    • Сарапшылардың бағалауы: 06–07.08.2026
    • Нәтижелерді жариялау және жеңімпаздарды марапаттау: 10.08.2026

    4. Қатысушылар
    Челленджге:
    ✔️ Маңғыстау облысының 14–35 жас аралығындағы
    ✔️ әдебиетке қызығатын жастар,
    ✔️ жас ақындар,
    ✔️ жас жазушылар,
    ✔️ студенттер,
    ✔️ мектеп оқушылары,
    ✔️ шығармашыл жастар қатыса алады.
    Қатысу тегін.

    5. Челлендж тақырыбы
    «Менің Маңғыстауым – менің тарихым»
    Қатысушы төмендегі бағыттардың бірін таңдай алады:
    • туған өлке;
    • ұлттық құндылықтар;
    • отбасы;
    • тәуелсіздік;
    • табиғат;
    • арман;
    • жастар;
    • қоғам;
    • туған жер;
    • болашақ.

    6. Қатысу шарттары
    Әр қатысушы:
    1) Өзінің авторлық шығармасын немесе өзінің авторлық өлеңін немесе өзінің қысқа прозасын
    оқып видео түсіреді. Басқа авторлардың шығармаларын оқуға рұқсат етілмейді.
    2) Видео ұзақтығы: 30 секундтан 2 минутқа дейін.
    3) Видео тік форматта (9:16) Full HD сапасында түсіріледі.
    4) Видео қазақ тілінде болуы тиіс.
    5) Бір қатысушы бір ғана шығармамен қатыса алады.
    6) Видео бұрын ешқандай байқауға ұсынылмаған болуы тиіс.
    7) Жұмыс қатысушының жеке шығармасы болуы міндетті. Плагиат анықталған жағдайда қатысушы байқаудан шығарылады.

    7. Видеода міндетті түрде айтылуы тиіс
    Қатысушының аты-жөні, жасы, тұрғылықты жері, шығарманың атауы

    8. Видеоны жариялау тәртібі
    Қатысушы видеоны Instagram Reels немесе TikTok желісіне жүктейді.

    Видео сипаттамасына міндетті түрде:
    #JasQalamger2026, #ЖасҚаламгер2026, #komekkomandasy, #МеніңМаңғыстауым хэштегтері жазылады. Сонымен бірге @komekkomandasy парақшасы белгіленуі міндетті.

    9. Тіркелу
    Видео жарияланғаннан кейін қатысушы Google Form арқылы тіркеледі. Тіркеу сілтемесі: https://bit.ly/4pA4spL

    10. Бағалау критерийлері
    Қазылар алқасы жұмыстарды келесі өлшемдер бойынша бағалайды:
    Критерий Ұпай
    Шығарманың мазмұны 20
    Идеяның өзектілігі 20
    Көркемдік деңгейі 20
    Тіл мәдениеті 15
    Авторлық ерекшелігі 15
    Оқу шеберлігі 10
    Барлығы: 100 ұпай

    11. Жеңімпаздарды анықтау
    Жеңімпаздар: 70% тәуелсіз сарапшылардың бағасы және 30% әлеуметтік желідегі белсенділік
    (қаралым, лайк, пікір, репост) арқылы анықталады.

    12. Жүлде қоры
    🥇 І орын – Бас жүлде
    🥈 ІІ орын – Үздік поэзия
    🥉 ІІІ орын – Әдеби дебьют
    «Оқырман көзайымы», «Ынталандыру сыйлығы» беріледі.

    13. Қосымша мүмкіндіктер
    Челлендж барысында үздік танылған қатысушылар:
    • «JAS QALAMGER» онлайн әдеби клубының мүшесі болады;
    • әдеби-музыкалық кештерге арнайы шақырылады;
    • кәсіби жазушылардың менторлығына қатысады;
    • шығармаларын жариялауға және кітап жобасына ұсынылады (іріктеу нәтижесіне сәйкес).

    14. Ұйымдастырушының құқықтары
    Ұйымдастырушы:
    • талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстарды қабылдамауға;
    • плагиат анықталған жағдайда қатысушыны байқаудан шығаруға;
    • ұсынылған фото және бейнематериалдарды жоба аясындағы ақпараттық жұмыстарда автордың аты-жөнін көрсете отырып пайдалануға;
    • техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстарды бағалауға жібермеуге құқылы.

    15. Байланыс
    «Көмек командасы» қоғамдық қоры
    📞 +7 708 788 08 98
    📧 [email protected]
    🌐 komekkomandasy.kz

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары