Павлодар облысында өндірістік объектілердің дайындығы пысықталды

    ·
    Павлодар облысында өндірістік объектілердің дайындығы пысықталды

    Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Майкубен Вест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік базасында жоспардан тыс оқу дабылына қатысты. Аталмыш іс-шара өнеркәсіптік кәсіпорындардағы ықтимал техногендік қатерлердің алдын алуға және төтенше жағдайлар кезіндегі жедел әрекет ету алгоритмін пысықтауға бағытталды. Жаттығу барысында кәсіпорынның хабарлау жүйесінің техникалық жұмыс істеу деңгейі жан-жақты тексеріліп, дабыл сигналдарын жедел жеткізу тәртібі қатаң сақталды. Сонымен қатар диспетчерлік қызмет пен салалық уәкілетті мемлекеттік орган арасындағы жедел ақпарат алмасу, өзара іс-қимыл тетіктері толық атқарылды.

    Басты назар конвейерлік кешендерде туындауы ықтимал шартты өрт ошағын дереу оқшаулау және жою бағытында қызметкерлердің практикалық дағдыларын жетілдіруге аударылды. Оқу дабылының қорытындысы бойынша жүргізілген талдауда жұмысшылар мен инженерлік-техникалық персоналдың төтенше жағдайларға дайындық деңгейі жоғары бағаланды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы мен қабылданған профилактикалық шаралардың тиімділігі жан-жақты қарастырылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары