
Жыланды ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ауыл балаларына арналған «Су шашу» мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара барысында балалар қызықты ойындарға белсене қатысып, су шашу ойыны арқылы жаздың аптап ыстығында сергіп, көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді. Сонымен қатар, тәтті қарбыздан дәм татып, ән айтып, би билеп, ерекше әсерге бөленді. Мереке балаларға жарқын көңіл күй сыйлап, олардың жазғы демалысын мазмұнды әрі есте қаларлықтай етті.
Іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен Жыланды ауылдық округінің тұрғындары Бейсенбаева Қарлығаш пен Ибраев Сұлтанға шынайы алғысымызды білдіреміз. Балаларға қуаныш сыйлауға қосқан үлестері мен жанашырлықтары үшін ризашылығымызды жеткіземіз.
Сондай-ақ, Даутбаев Талғатқа іс-шараны ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекше алғыс айтамыз. Оның қолдауы мерекенің жоғары деңгейде өтіп, балалардың көтеріңкі көңіл күйде демалуына өз үлесін қосты.
Осындай игі шаралар ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін нығайтып, жас ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және олардың жарқын балалық шағын қалыптастыруға ықпал етеді.









