
Лицейіміздің 1–11 сынып оқушылары мен ұстаздар ұжымы «Отбасы күні» аясында Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына барып, тимбилдинг іс-шарасына қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар мен ұстаздар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сондай-ақ отбасы құндылықтарын дәріптеу.
Табиғат аясында ұйымдастырылған түрлі қызықты ойындар мен командалық тапсырмалар қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірліктің маңызын сезінуге мүмкіндік берді. 1-сыныптың кішкентай бүлдіршіндерінен бастап, 11-сынып оқушыларына дейін барлығы біртұтас ұжым ретінде белсенділік танытты.
Таза ауа, көркем табиғат, достық атмосфера мен жағымды әсерлер жаңа оқу жылын ерекше көңіл-күймен бастауға үлкен серпін берді.
Жаңа оқу жылы барша ұстаздар мен оқушыларға мол жетістік, жаңа білім, жарқын жеңістер және шығармашылық табыс әкелсін!






