ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    🔹Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зақымданған әлеуметтік нысандарды аралап, қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

    🔹Аралау барысында білім беру ұйымдарындағы зақымданған шатырларды, терезелерді және ғимараттардың сыртқы қабырғаларын қалпына келтіру жұмыстары қаралды. Жауапты мердігер ұйымдардың атқарып жатқан жұмыстары бағаланып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

    🔹Сонымен қатар, аудан әкімі Қарауылкелді орта мектебінде реновация жобасы аясында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

    🔹Аудан әкімі жауапты тұлғаларға жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын сапалы жүргізіп, жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық аяқтауды тапсырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары