Фискалдық чек пен тауарлық чек: нені білу қажет?

    ·
    Фискалдық чек пен тауарлық чек: нені білу қажет?

    Тұтынушылар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында фискалдық чек пен тауарлық чек әртүрлі құжаттар болып табылатынын және олардың құқықтық мәні әртүрлі екенін еске саламыз.

    Фискалдық чек бақылау-касса машинасын (БКМ) қолдану арқылы қалыптастырылады және ақшалай есеп айырысудың тіркелгенін растайды. Құжатта міндетті деректемелер, оның ішінде фискалдық белгі мен QR-код қамтылады, ал жасалған сату туралы мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйелеріне жіберіледі.

    Тауарлық чек сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) туралы ақпаратты қамтиды, алайда онда фискалдық белгі болмайды және ол БКМ-де ақшалай есеп айырысудың тіркелгенін растамайды. БКМ қолдану міндетті болып табылатын жағдайларда тауарлық чек фискалдық чектің орнын алмастырмайды және тек қосымша құжат ретінде ғана берілуі мүмкін.

    Назар аударыңыз: БКМ қолдану міндетті болған жағдайда ақшалай есеп айырысу кезінде сатушының сатып алушыға фискалдық чек беруі міндетті. Фискалдық чек есеп айырысудың заңнама талаптарына сәйкес жүргізілгенін растайды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары